ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАСТАР  КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫ  ӨТТІ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа бөлім, мекеме басшылары, комиссия мүшелері қатысты.

Жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ерасыл Жеңісқали жас түлектердің грантқа оқуға түскендер туралы, шет елдерде оқып жатқан мұғалжарлық жастар және 2025 жылы білім саласы бойынша жетістікке жеткен оқушылар туралы баяндап өтті.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров тоқталып өтті.
Сондай-ақ ауданда жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін аудандық жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық басшысы Әділет Маусымов ақпарат берді.

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Айдана Нағашыбай аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі Дархан Жанысханұлы жауапты бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында белсенді жастармен жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан ұжымдар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.