
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына келді.
Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов облыс әкімінің орынбасарына Жарық ауылында 25 келушіге арналған жаңа медициналық пункттің жұмыстарымен таныстырды. Нысан прокуратура органдарының қайтарылған қаражат есебінен салынуда. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «Бабэк-Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде.
Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Қандыағаш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарын қарады. Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстарын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқаруында, мердігер ұйым – «Абай&C» ЖШС-і жүргізуде.
Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары «Финский» мөлтек ауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық жайлы мектептің және «Самал» мөлтек ауданындағы 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін, жұмыстарды мерзімінде аяқтау жөнінде жауапты мердігер компания басшылықтарына нақты тапсырмалар жүктеді.