
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Құмжарған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Құмжарған ауылдық округінің әкімі Қанағат Қалиев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстар баяндады.
Аудан басшысы Дархан Жанысханұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындардың толғандырған сауалдарына жауап берді.