МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА ҮШ АЙҒА ЖЕТЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ БАР

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА ҮШ АЙҒА ЖЕТЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ БАР

Бүгінде Мұғалжар және Ембі аудандық орталық ауруханаларында коронавирустың екінші толқынның болу қаупіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Медициналық ұйымдарында үш айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған.

-Ауруханада дәрі-дәрмек пен медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс құралдарының үш айға жеткілікті қоры бар. Аудандық ауруханада ауыр науқастар үшін 6 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс жасап тұр. Сонымен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 4 өкпені жасанды желдету аппараты келді. Бұдан бөлек оттегілік концентратор аппараттары да жеткілікті», — дейді Мұғалжар аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров.

Мұғалжар аудандық орталық ауруханасында инфекциялық стационарға арналған 150 кереует қоры бар. 35 058 дана дәрі-дәрмектің қоры қарастырылған. Компьютерлік томография, рентген аппараты жұмыс жасап тұр. Пулсоксиметрлік аппараттар да жеткілікті. Ауыр науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге арналған барлық құрылғылармен қамтылған.

-Ембі аудандық орталық ауруханасында инфекциялық стационарға арналған 50 кереует қоры жасақталған. 7 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Ауруханада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Барлығы 19 946 дана дәрі-дәрмектің қоры қарастырылған, - дейді Ембі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Бұхарбаев.

Айта кетейік, Мұғалжар және Ембі аудандық орталық ауруханаларына соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген жедел-жәрдем көліктерін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин табыстаған болатын.