КӘСІПКЕР – ІСКЕР АДАМ

КӘСІПКЕР – ІСКЕР АДАМ

Бүгін Қандыағаш қаласындағы «Алаш» мейрамханасында Қазақстан кәсіпкерлері күніне арналған «Кәсіпкер – іскер адам» атты мерекелік шара салтанатты түрде өтті.
Биыл елімізде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және бизнес ортасын дамытуға бағытталған Кәсіпкерлер кодексіне 10 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстанда кәсіпкерлік мәдениеті қалыптасып, шағын және орта бизнес ұлттық экономиканың маңызды тірегіне айналды. Мемлекет тарапынан бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіліп, кәсіп бастау мен дамытуға жағдай жасалып келеді. Ал биылдан бастап 29 қазан ресми түрде Қазақстан кәсіпкерлері күні болып бекітіліп, тұңғыш рет ел көлемінде кәсіби мереке ретінде аталып өтуде.
Мерекелік жиынды Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Мұғалжар аудандық филиалының директоры Көмекбай Бектұрғанов ашып берді. Олар өз сөздерінде аудан экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруда кәсіпкерлердің атқарып отырған еңбегінің зор екенін атап өтті.