
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Аудан әкімдігінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекелік жиыны өтті. Мерекелік басқосуға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, бөлім басшылары және осы салада нәтижелі еңбек етіп жүрген әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Жиын барысында сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаған аудан басшысы бұл мамандық кәсібилікпен қатар, терең жанашырлықты, шыдамдылықты және жүрек жылулығын талап ететіндігін, сала мамандарының еңбектерінің арқасында көмекке мұқтаж адамдар жақсылыққа сенім артып, өмірлерін жақсартуға мүмкіндік алатындығын тілге тиек етті.
Мерекеге орай жоғары кәсібилік және ұйымдастырушылық қабілеттілігі әлеуметтік еңбек саласына елеулі үлес қосқаны үшін мұғалжарлықтардың әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек еткен сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар мерекеге орай ұйымдастырылған волейбол мен тоғызқұмалақ сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.