
«Әкімшілік–аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 желтоқсан күні сағат 10:00-де Ембі қаласы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында жиын өтеді.
Күн тәртібінде: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласындағы көшеге атау беру мәселесін қарастыру.