«Айым» мейрамханасында «Отбасы құндылықтарын насихаттауға, әйелдер бастамаларын қолдауға, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Қауіпсіз отбасы - тұрақты қоғам: гендерлік теңдік пен отбасы саясатының өзекті мәселелері» атты облыстық конференция өтті.
Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Jas Aqtobe – 2022» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен конференцияға Мұғалжар ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділері, аудан кәсіпкерлері қатысты.
Конференцияның басты мақсаты – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешудегі әйелдердің саяси көшбасшылығының рөлін анықтау. Отбасы құндылыктарын насихаттау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады.
Конференцияда Президент Жолдауының негізгі бағыттары сөз болып, диалог алаңында спикерлер сөз алып, көптеген мәселелер ортаға салды. Конференция барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ақпарат берілді.
Сондай-ақ конференцияға арнайы қатысқан спикерлер ел дамуындағы әйелдердің рөлі, іскер әйел атанудың құпиялары, жалпы іскер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылармен ой алмасты.
Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.