Қандыағаш қаласында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» атты аудандық жастар форум-фестивалі өтті.
Форум-фестивалге қатысқан Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан мен Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов алдымен жылжымалы көрмені аралап, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысушылармен тілдесті.
Форум барысында Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалымен бірлесіп, мұғалжарлық кәсіпкерлердің жылжымалы көрмесі өткізілді.
Көрмеде кәсіпкерлер сүт өнімдерін, қолөнер, зергерлік бұйымдарын, кондитер және тоқыма өнімдерін ұсынды.
Сонымен қатар, форум-фестиваль аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қатысушылар жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, еңбек нарығындағы заманауи үрдістер, қызметкерлердің құқықтарымен жұмысқа орналасу шарттары туралы кеңестер алды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 20 мекеме қатысып, 70 бос жұмыс орындарын ұсынды.