ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Жергілікті әскери басқару органдары күні аталып өтті.

Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Азамат Байдосов, ауған соғысының ардагерлері, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушыларымен колледж студеттері қатысты.

Аудандағы әрбір азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі осы жергілікті әскери басқару органдарының табалдырығынан басталады. Салтанатты жиында үздік мамандардың еңбегі бағаланып, Алғыс хаттар табысталды.

Іс-шарада оқушылар бірнеше әскери жаттығуды кәсіби деңгейде орындап, көпшілікті тәнті етті.
Мерекелік жиын аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.