АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Қандыағаш қаласында орналасқан әлеуметтік нысандардың және қала аумағында жүргізіліп жатырған жұмыстарды қарады.

Аудан басшысы алдымен Қандыағаш қаласында қарттарға жаңадан ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы мекемесінің жұмысымен танысты. Орталық заманауи тұлғаға қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Мекемеде 5 маман, 10 үйірме жұмыс жасайды.

Орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасындағы адамдарды әлеуметтендіру, оларды белсенді мәдени-шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге тарту, олардың физикалық және психологиялық саулығына ықпал ету арқылы өмір сүру ұзақтығын арттыру.

Бұдан кейін аудан әкімі Ж.Жабаев көшесіндегі көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында салынып жатқан суағарлардың жұмыстарын қарады. Ұзындығы 700 метр болатын суағарларды "Жем Ақберген-Құрылыс" ЖШС-і жүргізуде.