Аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
Жиында жұмыспен қамту шаралары туралы аудандық мансап орталығының басшысы Р.Бисенбин баяндады. Бюджет қаражатының игерілуі туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Кустайбекова тоқталып өтті.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Асқаров баяндама жасады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Бұхарбаев ІІ-ші жарты жылдыққа баспасөзге жазылу науқаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.