Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Тұрғындар аудан басшысының қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.
Барлық қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы олардың мәселелерін шешу жолдарын ұсынып, нақты жауаптар беріп, осы салаға жауапты қызметтердің басшыларына заң талаптарына сәйкес көмек көрсетіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруды жүктеді.