БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудандық «Мұғалжар» қоғамдық-саяси газеті редакциясы ұжымын қабылдады.

Кездесуге газет ұжымы, аудан әкімдігінің әлеуметтік желіге жауапты мамандары қатысты. Аудан басшысы кездесу барысында бұқаралық ақпарат құралдары кез-келген мемлекеттің дамуында айрықша орын алатынын жеткізді.

-Биыл үш мыңға жуық оқырманы бар "Мұғалжар" газетіне 95 жыл толып отыр. "Мұғалжар" аудандық газеті тарихы жағынан алғанда облыстағы алдыңғы лекке жататын байырғы басылым.
Сіздердің ақпарат саласындағы еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымызды білдіремін. Алдағы уақытта да қоғамымызды нығайтып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қоса береді деген сенімдемін, - деді аудан әкімі.

Мерекеге орай аудан басшысы сала мамандарын Алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетті.