ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ  ШЫҒАРЫП  САЛДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында ұзақ жылдар елеулі еңбек еткен Талғат Қойшекеновке құрмет көрсетіп, зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Жиын барысында аудан басшысы Дархан Жанысханұлы Талғат Кәрімұлының ел үшін аянбай қызмет еткенін, саналы өмірін ауданның әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне, әл-ауқатының артуына үлес қосқанын атап өтті.

Өз кезегінде Талғат Қойшекенов өзіне көрсетілген құрметке алғыс айтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстардың алға басуына тілектес екендігін білдірді.

Талғат Қойшекенов ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етті. Еңбек жолында Ащысай, Ақкемер ауылдық округтерінің әкімі, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Мұғалжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерінде болды.