ҚАНДЫАҒАШТА «ҮЗДІК АУЛА», «ҮЗДІК ПОДЪЕЗД» БАЙҚАУЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАНДЫАҒАШТА «ҮЗДІК АУЛА», «ҮЗДІК ПОДЪЕЗД» БАЙҚАУЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және екі айлық сенбілік аясында қалалық, ауылдық округтерде «Үздік аула», «Үздік подъезд» байқауы өткізілген болатын.

Жеңімпаз атанғандарға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов алғысын білдіріп, дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Қандыағаш қаласында өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша Қандыағаш қаласының әкімдігі мен аудандық қоғамдық кеңестің өкілдерінен құрылған комиссияның шешімімен «Жастық» мөлтек ауданы №50 үйдің ауласы «Үздік аула» номинациясын жеңіп алды. «Достық» мөлтек ауданы №26 үй 4 подъезд, «Жастық» мөлтек ауданы №39 б үй 1 подъезд «Үздік подъезд» номинациясымен марапатталды.

Конкурстың нәтижесінде «Жастық» мөлтек ауданы №50 және «Достық» мөлтек ауданы №26 үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалатын болады.
Сонымен қатар «Достық» мөлтек ауданы №26 үй 4 подъездің тұрғыны Абзал Молдашев арнайы сыйақы сертификатына ие болды.