
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қалалық және ауылдық округтерде көппәтерлі "Ең үздік аула", "Үздік подъезд" байқауы өткізілген болатын.
Ембі қаласында өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша Әбілқайыр хан 42 а үйінің ауласы жеңімпаз атанды. Ембі қаласының тұрғындарымен өткен кездесуде аудан әкімі Дархан Ермағанбетов үй иесі Сәуле Өтемісованы Диплом және бағалы сыйлықпен марапаттады.