МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған аудан әкімінің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Мұғалжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекеттік қызметшілер арасында "Көңілді мәре" сайысы өтті.

Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сайысқа 4 команда қатысты. Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар Дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды