
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Ембі, Жем қалаларының және Мұғалжар ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетов қатысты.
Кездесулерде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, алдағы атқарылар жұмыстар барысы айтылды.
Елді-мекендерде өткен кездесулерде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, толғандырған сауалдарына жауаптар берілді.