2025 жылғы 30 наурызда өткен Мұғалжар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 30 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мұғалжар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2420 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1307 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс -  5 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№4сайлау округі бойынша

Ибрашева Данагүл Дулатқызы үшін сайлаушылардың 184 дауысы берілді,

Құдайбергенұлы Руслан үшін сайлаушылардың 1002 дауысы берілді,

Сегізбаев Есен Танжарбайұлы үшін сайлаушылардың 116 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны –3.

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мұғалжар аудандық мәслихаттың депутаты болып:

№4 сайлау округі бойынша – Құдайбергенұлы Руслан, 1979жылы туған, "СтройТехПромНС"  ЖШС директоры, Мұғалжар ауданының тұрғыны сайланды.

 

Мұғалжар аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
01 апреля 2025