Мұғалжар ауданы бойынша Еңбек және Жұрын ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен
тіркеу барысы туралы
2026 жылғы 18 тамызда Мұғалжар ауданының Еңбек және Жұрын ауылдық округтері әкімдеріне сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 7 кандидат ұсынылды. Оның 7-еуі де өзін-өзіұ сынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 7– ер адам.
7 кандидат партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жасы-40 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.
7 кандидаттың жоғары білімі.
Кандидаттардың 6 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда жұмыс жасайды; 1-жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілі.
Тіркеудің аяқталу мерзімі-а.ж.23 тамызы сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2026 жылдың 12 қыркүйек күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.