Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылының тумасы, Кеңес одағының батыры Малкеждар Есбосынұлы Бөкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері Батырдың туған жеріне келіп, Жұрын ауылында орналасқан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып еске алып, тағзым етті. Округ әкімі Р.Үргенішбаев, Қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Дүзбаев батырдың от кешкен ерлігі, өмірбаянына тоқталып, ерлігі ел есінде мәңгі сақталатындығын жеткізді. Сонымен қатар, Заң институтының қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.