Наурыз мерекесі тойланды

Наурыз мерекесі тойланды

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

Әз НАУРЫЗ-ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ.
Мұғалжар ауылыңда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Мерекеге ауыл тұрғындары көптеп жиналды. “Наурыз көктем” атты мерекелік концер қойылып, мекемелер, қиыршық тас зауыттары және кәсіпкерлер ауыз ашар уақытында жиналған жұртшылаққа дайындап әкелеген ұлттық тағамдарын ұсынды. Ұлттық ойындар гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес, қошқар көтеру ойындары ойнатылып, жастар жүлделі орындарға ие болды. Ауыл әкімі Әлімжан Өмірсерікұлы құттықтау лебезін білдіріп, мекеме қызметкерлерін және ұлттық ойындарда жүлдеге ие болғандар азаматтарды алғыс хатпен марапаттап сыйлықтар табыстады. Қариялар ақ баталарын беріп, тілектерін білдірді.