Ағымдағы жылдың 03 сәуірінде Құмсай ауылында Құмсай ауылдық округінің әкімі Н.Д.Сатаевпен, мекеме басшыларымен және Құмсай ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Б.А.Аманғалимен бірлесе отырып Құмсай ауылдық округінің тұрғындарына жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қозғалған негізгі мәселер:
- Құмсай ауылдық округіндегі көктемгі сенбілік, абаттандыру жұмыстары;
- Көктемгі профилактикалық ветеринариялық-санитарлық жұмыстар, мал егу, таңбалау, қараусыз жүрген мал бастарын мал иелерінің өз жауапкершіліктеріне алу туралы;
- Құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар;
- Алаяқтықтың алдын алу туралы;
- Бұралқы иттердің мәселесін шешу;
- Шөп шабу маусымында шабындық жерлерді бөлу және тиісті салық төлемдерін жүргізу;
- Көлік салығын өндіру.
Округ тұрғындарының мәселелері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.