Округке жаңа учаскелік полиция инспекторы тағайындалды

Округке жаңа учаскелік полиция инспекторы тағайындалды

2025 жылдың 20 қаңтарында Құмсай ауылдық клубында Құмсай ауылдық округіне жаңадан тағайындалған Ембі ҚПБ УПИ полиция капитаны Сағатбекұлы Сержанды Құмсай ауылдық округінің тұрғындарымен таныстыру жиналысы өтті. Ембі қалалық полиция бөлімшесінің уақытша қамау изоляторының бастығы полиция капитаны Досанов Азамат Рахимович жаңадан тағайындалған қызметкерге жұмысына сәттілік тілеп, округ тұрғындарымен бірлесе жұмыс атқаратындығын сөз етті. Жиналыс барысында Құмсай ауылдық округінің тұрғындары негізгі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.