Отбасында баланы жас кезінен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретеді. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Қарттарымызға күнде сый-құрмет жасасақ та, аздық етпесі анық.
Құмсай ауылдық округінде «1 қазан – Қарттар күніне» орай Құмсай ауылдық клубында «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт өткізілді. Қарттарымызға арналып әннен шашу шашылып, биден өрнек өрілді. Құмсай ауылдық округінің әкімі Н.Д.Сатаев құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік концерт соңында қарттарға естелік сыйлықтар таратылды.