«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыстар жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыстар жүргізілді

Құмсай ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында игілікті істер атқарылуда.  Бұл игілікті іс қоғамның табиғатқа жанашырлықпен қарауына және экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді. Құмсай ауылдық округі мекемелерінің қызметкерлері саябақтар мен орталық көшелерде қураған шөптерді және бұталарды шабу жұмыстарын жүргізді. Құмсай ауылы көшелері қоқыстан тазартылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 2 техника, 45 ерікті адам жұмылдырылып, барлығы 1,5 тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жыл соңына дейін жалғасады.