Құмсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті

Құмсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өтті

2026 жылғы 14 мамырда Мұғалжар аудандық мәслихат төрағасы К.Қ.Ермағамбетовтың және «AMANAT» партиясының Мұғалжар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.У.Бисеновтің қатысуымен Құмсай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Жиын барысында ауылдың өзекті мәселелері көтеріліп, тұрғындар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Кездесуде инфрақұрылым, ауылды газдандыру, жол жөндеу, әлеуметтік мәселелер, ауылды абаттандыру және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы мәселелер талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Мәслихат төрағасы халықпен ашық диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, ауылдың дамуына қатысты бірқатар жоспарлар мен алдағы жұмыстар таныстырылды.