
Балаларын ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеп, көпбалалы ана ретіндегі абыройлы міндетін адал атқарып, қоғамның әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Құмсай ауылдық округінің тұрғыны Тұрсынғали Әпуажан Толыбайқызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
Ана – отбасының тірегі, ұлттың болашағын қалыптастыратын асыл тұлға. Ұрпақ тәрбиесіндегі сабыр мен мейірім, төзім мен жауапкершілік – ананың өлшеусіз еңбегінің айқын көрінісі. Осы тұрғыда марапат иесінің өнегелі өмір жолы жас отбасыларға үлгі бола алады.
Марапат иесіне зор денсаулық, отбасылық береке, бала-шағасының амандығы мен ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыс тілейміз.