Округ тұрғындарына алаяқтық туралы ескертілді

Округ тұрғындарына алаяқтық туралы ескертілді

Алаяқтық қоғамның даму деңгейіне қарай үнемі өзгеріп, жаңа түрге еніп отырады. Қазіргі таңда оның кең тараған түрлерінің бірі – ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын интернет алаяқтық.

Алаяқтықтың қауіптілігі — ол тек материалдық зиян келтіріп қана қоймай, қоғамдағы сенім мен қауіпсіздік сезімін әлсіретеді. Сондықтан әр адам сақтық танытып, белгісіз адамдарға жеке мәліметтерін бермеуі, күмәнді сілтемелер мен ұсыныстардан аулақ болуы қажет.

Құмсай ЖББ орта мектебінде алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес түсіндірме кездесу ұйымдастырылды. Құмсай ауылдық округінің УПИ Б.Аманғали азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай іс-әрекеттерді жасамау керектігі туралы түсіндіріп, бүктемелер таратты.

Құқық қорғау органдары алаяқтықтың алдын алу және онымен күрес бағытында түрлі шаралар жүргізіп келеді, алайда ең басты қорғаныс — әр азаматтың өз сақтығы мен құқықтық сауаттылығы.