Құмсай ауылында дінді дұрыс түсіну туралы ағартушылық кездесу өтті

Құмсай ауылында дінді дұрыс түсіну туралы ағартушылық кездесу өтті

2025 жылдың 08 қазан күні Құмсай ЖББ орта мектебінде «Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық» КММ-нің орталық басшысы Ә.Маусымовтың төрағалығымен Құмсай ауылдық округінің тұрғындары, Құмсай ЖББ орта мектебінің мұғалімдері және оқушылары қатысқан «Діндегі фанатизм мен буквализмнің қауіпі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Түсіндірме жұмыс барысында округ тұрғындарына және оқушыларға діндегі теріс ағымдардан алшақ жүруге, Отанға сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған мағыналы әңгіме өрбіді. Әр адам өз сенімін үнемі біліммен, сабырмен, мейіріммен толықтырып отыруы қажеттігі туралы сөз етілді. Тек сонда ғана діннің шынайылығы жүректерді жарықтандырып, қоғамда тыныштық пен береке орнатуға септігін тигізетіндігі айтылды.