Қарттар күні аталып өтті

Қарттар күні аталып өтті

          Қазыналы қарттар – қоғамның қастерлі тұлғалары, даналықтың, сабыр мен парасаттың қайнары. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Құмсай ауылдық округінде қарттарға құрмет көрсетуге арналған мазмұнды іс-шара өтті. Мерекелік шара ауылдық мәдениет үйінде өткізілді. Мұнда жиналған қонақтар мен қазыналы қарияларға жылы лебіздер білдіріліп, мерекелік құттықтаулар айтылды.      Қариялардың құрметіне ауылдық мәдениет үйінің және округіміздің өнерпаздары  дайындаған мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылып, қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.

           Аталған игі іс-шара қазыналы қарттарымыздың өнегелі өмір жолы мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан еңбегіне деген ықылас пен алғыстың белгісі болды. Мерекелік шара соңында қарттарға естелік сыйлықтар таратылды.