Елімізде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап ұлттық ауыл шаруашылығ ы санағы жүргізілуде. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңмен өткзіледі. Бірінші кезең: 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісі арқылы жүргізіледі. Екінші кезең: 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері:
- ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу
- өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
- іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту.
Құмсай ауылдық округі бойынша ұлттық ауыл шаруашылығы санағы да қарқынды жүргізіліп жатыр. Санақ қызметкері әр жеке тұрғын үйлерді аралап, округ тұрғындарынан сауалнама сұрақтарына жауап алуда. Санақ қызметкері сұрақтарға ашық әрі шынайы жауап беру қажеттігін, барлық жауап құпия сақталатындығын, басқа мемлекеттік органдарға берілмейтінін жеткізуде.