Қожасай ауылында медпункт пайдалануға берілді

Қожасай ауылында медпункт пайдалануға берілді

 

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Қожасай ауылында жаңа стандарттық үлгідегі медициналық пункт ашылды.

Медициналық пункттің ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Кажгалиев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ашылған нысан Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарда денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде салынды.

Ауылдың әлеуетін арттыру мақсатында бой көтеретін медициналық нысан қажетті заманауи құралдар және жаңа жиһаздармен жабдықталған.

Жиырма келушіге арналған пункттің құрылыс жұмыстарын «Техно-С» ЖШС-і жүргізді. Қожасай ауылында 49 үйде 274 тұрғын тұрады.