ТАЭКВОНДОШЫ ОҚУШЫЛАРҒА САРЫ БЕЛБЕУ ТАБЫСТАЛДЫ

ТАЭКВОНДОШЫ ОҚУШЫЛАРҒА САРЫ БЕЛБЕУ ТАБЫСТАЛДЫ

Жағабұлақ ауылында спорт кешені ашылғалы оқушыларымыз таэквондоға қатысып, облыста түрлі жарыстарда топ жарып жүр. Жақында ғана өткен облыстық жарысқа 8 оқушы қатысып, нәтижесінде Мұратбекқызы Махаббат ІІ орынға ие болса, Сағынтай Аяулым, Минажат Аяла, Абдрахман Муслима сынды оқушыларымыз ІІІ орынға ие болды. 

Батпақкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қ.Қ.Қуанова оқушыларды жеткен жетістіктерімен арнайы құттықтап, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Е.С.Елубаевтың арнайы сары белбеу алғандығы туралы сертификаттары мен сары белбеулерін табыстады.

Бапкері-Искулова Альбина Хабибулаковна.