8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауылдық клубта салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Дархан Ермағанбетов нәзік жандылар қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Мерекелік іс-шараға «Aral Petroleum Capital» ЖШС-і басшысы А.С.Нурмухамметов қатысып, ауыл тұрғындарының сұранысы негізінде Жағабұлақ ауылының амбулаториясына компьютер, принтер сыйға тартып, құттықтауын жеткізді.
Марапаттау рәсімінен кейін жиналғандар концерттік бағдарламаны тамашалады.