"КҮМІС АЛҚА" ИЕГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

"КҮМІС АЛҚА" ИЕГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған аналар қауымы барлық мадаққа лайық. Президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығына сәйкес, Ащысай ауылдық округінің тұрғыны, 6 баланың анасы Байсамарова Гульшара Нұрашқызына «Күміс алқа» алқасы салтанатты түрде табысталды. Ұрпақ санын арттырып, демографияның өсуіне үлес қосқан ананы Ащысай ауылдық округінің әкімі Оразов Баймұрат Дүйсенұлы марапаттап, тілек сөзін білдірді.