
Зейнетақы көлемінің бірден-бір көрсеткіші – кірісті алмастыру коэффициенті. Ол адамның еңбекке жарамды кезде алған табысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын көрсетеді.
📈 Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымы бойынша – зейнетақы мөлшері кірісті алмастыру коэффициентінің кемінде 40 пайызына тең болса жеткілікті. Қазақстанда бұл көрсеткіш бүгінде 41 пайызды құрайды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде кірісті алмастыру коэффициенті 60 пайыз шамасында.
💡 Зейнетақы мөлшерін қалай арттыруға болады?
🔹 Біріншіден, өз атыңызға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының толық әрі уақытылы түсіп отырғанын қадағалаңыз. Мүмкіндік болса, ерікті жарналар аударып отырыңыз – себебі жинақ неғұрлым көп болса, болашақ зейнетақы да соғұрлым жоғары болады.
🔹 Екіншіден, қаражатыңыздың бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру арқылы табысты арттыруға болады.
🔹 Үшіншіден, болашақ зейнетақыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы зейнетақы калькуляторын пайдаланып, дербес зейнетақы жоспарыңызды құрыңыз.
Есіңізде болсын: зейнетақы жинағын қалыптастыруды неғұрлым ерте бастасаңыз, болашағыңыз да соғұрлым сенімді болмақ!
Алаяқтар жаңа айла-тәсілдерді меңгеріп жатыр! Сақ болыңыз!
Қазіргі кезде алаяқтар жасанды интеллектіні пайдаланып, жалған бейне, аудио және суреттер жасап, адамдардың бейнесі мен дауысын қолдан жасайды.
Әлеуметтік желілерде «тиімді инвестиция» деген желеумен зейнетақы жинақтарын облигация, акция сияқты қаржы құралдарына салуға шақыратын жалған бейнероликтер тарауда.
Алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың, банктердің немесе тіпті БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректерін иемденуге тырысады.
Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ ескертеді:
зейнетақы активтерін басқарумен Ұлттық банк (ҚРҰБ) айналысады.
Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беруге болады.
ИПБ-ға аударым жасау тек БЖЗҚ порталы арқылы, ешқандай делдалсыз жүзеге асырылады.
БЖЗҚ ескертеді:
✅ Барлық төлемдер тікелей, комиссиясыз рәсімделеді.
✅ Тұрғын үй және емделу мақсатындағы төлемдер тек уәкілетті орган арқыл жүзеге асады.
✅ Қор қызметкерлері ешқашан сіздің жеке деректеріңізді немесе SMS-кодтарды сұрамайды.
Күдікті қоңырау немесе хабарлама алсаңыз:
* Әңгімелесуді дереу тоқтатыңыз.
* Нөмір мен хат-хабарды сақтаңыз.
* Құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның ресми арналары арқылы тексеріңіз:
🌐 enpf.kz | ☎️ 1418 | 💬 WhatsApp: +7 777 000 1418
📲 Instagram, Facebook, TikTok,Telegram, ВКонтакте, Одноклассники