Болашаққа инвестиция: кәмелетке толған қазақстандықтар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 22,29 млн доллардан астам қаражат пайдаланды 2025 жылғы 1 қазанға дейінгі мәлімет бойынша, бағдарлама іске қосылған сәттен бастап (2024 жылғы 1 ақпаннан бері) уәкілетті операторлар 22,29 млн АҚШ долларына 156 956 өтініш орындады. Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін өкілетті операторларға аударылды. 🏡 Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 98 046 өтініш, жалпы сомасы 14,14 млн АҚШ доллары, оның ішінде: ▪️ 13,85 млн доллар – тұрғын үй құрылысы жинақтарын толықтыру (95 786 өтініш) ▪️ 101,44 мың доллар – ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарна (755 өтініш) ▪️ 69,88 мың доллар – азаматтық-құқықтық мәміле арқылы тұрғын үй сатып алу (553 өтініш) 🎓 Білім алу ақысын төлеу үшін 58 910 өтініш, жалпы сомасы 8,15 млн АҚШ доллары, оның ішінде: ▪️ 7,38 млн доллар – Қазақстандағы оқу орындарына ақы төлеу (52 574 өтініш) ▪️ 527,67 мың доллар – білім жинақтау салымын толықтыру (4 477 өтініш) ▪️ 194,54 мың доллар – шетелдегі оқу ақысын төлеу (1 526 өтініш) 📌 Естеріңізге сала кетейік: нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы қаражаттың барлығын немесе бір бөлігін пайдалана алады. Пайдаланылмаған бөлігі нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖШ туралы ақпаратты БЖЗҚ-дағы жеке кабинеті немесе eGov порталы арқылы қарап, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін онлайн өтініш бере алады. ℹ️ Толық ақпарат – enpf.kz сайтында. 🎥 Бағдарлама бойынша бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көруге болады Қосымша ақпарат – kids.enpf.kz сайтында.

Инвестиции в будущее!