
19 наурызда облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарованың басшылығымен Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы және Жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
- мемлекеттік қызметшілердің Эдеп кодексін,
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,
- әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,
- жұмыс уақытының тәртібі мен қызметтік тәртіп,
- қызметтік қатынастарда харассменттің (қысым көрсету) алдын алу шаралары.