2025 жылдың 21 мамырынан бастап Мәртөк ауданы бойынша қайтарымсыз грантқа қатысу үшін business.enbek.kz порталы арқылы өтінім қабылдау басталатынын хабарлаймыз.
ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНАН АЛА АЛАСЫЗДАР.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 тенге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Қатысушыға қойылатын шарттар:
- “ Бастау бизнес” сертификаты(3жылға жарамды)
- Тіркелген жұмыссыздар немесе жеке кәсіпкерлер(3жыл толмаған) қатыса алады.
-7 әлеуметтік санаттан болуы шарт:
1)Көп балалы жәрдемақы алушы отбасы мүшелері және зайыбы;
2) Атаулы көмек алушылар;
3) Қандастар;
4) Қоныс аударушылар;
5) Мүгедектер;
6) Мүгедек баланы тәрбиелеушіге беретін жәрдемақыны алатын тұлғалар;
7) Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыны алушы тұлғалар;
Біздің мекенжайымыз: Мәртөк ауылы, С.Сейфуллин көшесі, 38 (1-қабат)
Байланыс телефондары: 21-3-24, 21-3-25