🔹Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды

🔹Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды

📌 «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің конкурстық комиссиясының ұсынысымен және Мәртөк ауданы әкімінің 2025 жылғы 5 мамырдағы №266 өкімімен «Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы болып Орынғали Сағитжанұлы Қонысбай тағайындалды.

Қонысбай Орынғали Сағитжанұлы - 1992 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Білімі жоғары, «Есеп және аудит», «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының техник-оператор қызметкері болып бастап, әр жылдарда «Мәртөк аудандық орман шаруашылығы» ММ, «Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маманы, бас маманы, кейін бөлім басшысы болды. Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары және Мәртөк ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылдың 14 сәуіріне дейін Мәртөк ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.