📌 «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс арқылы қатысушыны іріктеу бойынша конкурстық комиссияның ұсынысымен және Мәртөк ауданы әкімінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі №242 өкімімен Тлеуов Дархан Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Тлеуов Дархан Сағынбайұлы-1982 жылы 25 желтоқсанда Қобда ауданының тумасы. Білімі жоғары, «Қаржы және несие» және «Құқық» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы «Көктас-Ақтөбе» АҚ қызметкері болып бастаған. Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызмет атқарып келеді:
«Қарғалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ басшысы, «Мәртөк ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, «Мәртөк ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім» ММ басшысы, Тәңірберген ауылдық округі әкімі, Хромтау ауданы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары.
2024 жылдың 3 маусымынан бастап осы уақытқа дейін «Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарып келді.
#martok_audanynyn_akimdigi