
Аудан басшысы Медет Ысқақов ғасыр жасаған аудан тұрғыны — Роленко Мария Ивановнаны 100 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады.
Мария Ивановна 1925 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Ол 1939 жылы Украинадан Қазақстанға көшіп келген. Еңбек майданының ардагері ретінде еліміздің дамуына зор үлес қосты. Темір жол құрылысында, Хромтау қаласындағы Никельтау зауытында аянбай еңбек етті.
1947 жылы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Сонымен қатар, «Победа» колхозында 5 жыл, кейін «Ленин» колхозында, Коминтерн ауылында ұзақ жылдар жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі — 50 жылдан аса.
Қазіргі таңда ауданымыздың қадірлі қариясы, өскелең ұрпаққа өнеге болып отырған Мария Ивановнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!