🔹 Мәртөк ауданында өзекті мәселе өз шешімін тапты
🔻 Мәртөк ауылының тұрғыны Роза Тлегенова көктемгі су тасқынының алдын алуға арналған жұмыстарға өз алғысын білдірді. Өткен жылы Мәртөк ауылында арналар тереңдетіліп, жер біліктері көтерілді. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен 3 көпір салынған болатын.
🔸 Мәртөк ауданы Аққайын ауылындағы «Мартукская» және «Қазан -2» бөгеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
🔸 Бөрте, Құмсай ауылдарындағы көпірлер жөнделіп, Мәртөк ауылында еріген суды бұру үшін 300 метр су өткізгіш құбырлар орнатылған.
🔸 Нәтижесінде, биыл төтенше жағдай тіркелмей, су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынған.