Қаратаусай ауылының тұрғындары ауыл тазалығын сақтау мақсатында жаппай сенбілікке шықты. Тұрғындар бірлескен күш-жігерімен қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстар:
✅ Қураған ағаштар кесіліп, жас көшеттер күтіп-бапталды;
✅ Аулалар мен көшелер тазартылып, жиналған қоқыстар тегін шығарылды;
✅ Кәсіпкерлік нысандардың аумақтары ретке келтірілді;
✅ Ауыл ішіндегі және маңындағы стихиялық қоқыс орындары жойылды.
🌱 Тұрғындар сенбіліктің маңыздылығын атап өтіп, барша ауылдастарды тазалықты сақтауға шақырды.
Бірлескен еңбектің арқасында ауыл көркейіп, әлдеқайда жайлы бола түсті.
Туған жеріміздің тазалығы – ортақ жауапкершілік!