🔹️Аудан басшысының төрағалығымен аппараттық жиын өтті

🔹️Аудан басшысының төрағалығымен аппараттық жиын өтті

Аудан әкімі Медет Ысқақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

✅ Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет игерілуі
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жұмабаева Айжан аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен бюджеттің орындалуы туралы баяндады. Аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне қаржының уақтылы және тиімді игерілуін қадағалауды тапсырды.

🌾 Көктемгі егістік жұмыстарына дайындық
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мулькаев Бақытжан көктемгі дала жұмыстарының басталатынын хабарлады. Жиында жанар-жағармаймен қамту, жер өңдеу мәселелері талқыланып, аудан әкімі бос жерлерді шаруа қожалықтарына шөп шабуға беруді және тұрғындарға төмен бағада ұсынуды тапсырды.

🌿 Елді мекендерді санитарлық тазалау және көгалдандыру
ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қалимағамбетов Айдос аудан бойынша 28 наурыз – 30 мамыр аралығында екі айлық санитарлық тазалау жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Тұрғындар сенбіліктерге белсенді қатысып, ауылдарын таза ұстауға шақырылды. Сондай-ақ, Сарыжар, Мәртөк, Тәңірберген, Жайсаң ауылдарының тазалық жағдайы қаралды.

📢 Барша тұрғындарды сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!