🔹️Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мәртөк ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді

🔹️Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мәртөк ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді

📌 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Шілманов Айбек Ақбергенұлы іссапармен Мәртөк ауданына келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке қабылдау, қызмет өткеру кезінде туындайтын мәселелер, мемлекеттік қызметшілер мен қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар талқыланды. Сонымен қатар, 2024-2029 жылдарға арналған Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылып, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берілді.

Айбек Шілманов сапар аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының жұмысымен танысып, Мәртөк ауылдық округіндегі мемлекеттік қызметшілермен кездесулер өткізді. Әкімдіктің қызметіне шолу жасап, мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, олардың мәселелеріне назар аударды.  Бұл сапар мемлекеттік қызметті жетілдіру және қызметшілердің жұмысына қолдау көрсету бағытында маңызды қадам болды.