Жастарға есірткі мәселесі туралы деректі фильм көрсетілді

Жастарға есірткі мәселесі туралы деректі фильм көрсетілді

📌 ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде есірткі қолдану мен оны заңсыз сатудың зияны туралы шынайы оқиғаларды баяндайтын «Закладка» деректі фильмі (режиссері Ринат Балғабаев) көрсетілді.  Бұл шараға 300-ден астам жас қатысты. Фильмнің негізгі мақсаты – жастарға есірткі қолданудың қауіпті салдары мен заңсыз саудаға қатысудың жазылмайтын зардаптарын көрсету. Көрсетілім барысында жас көрермендер есірткіге тәуелділік пен оның қоғамға тигізетін зияны туралы нақты мәліметтер мен фактілерге қанық болды.

♻️ Бір уақытта бүкіл облыста көрсетілім Бұл деректі фильм бір уақытта облыстың барлық аудандарында жастарға ұсынылып, аймақтық деңгейде үлкен маңызға ие болды. Осындай шаралар арқылы есірткіге қарсы күреске қоғамның барлық мүшелерін жұмылдыру және жастардың саналы көзқарасын қалыптастыру көзделуде. 

❗️Есірткі – түбі құрдымға апарар жол! Жастарға дұрыс таңдау жасау, салауатты өмір салтын ұстану және есірткінің қауіптілігін түсіндіру әрқайсымыздың борышымыз. Осындай шаралар жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді.

✅️ Есірткісіз болашақ – жарқын болашақ!