Жинақ сомасы неліктен өзгереді?

Жинақ сомасы неліктен өзгереді?

Зейнетақы жинақтары экономиканың әртүрлі салаларындағы қаржы құралдарына әртүрлі валюталарда инвестицияланып, сізге инвестициялық кіріс алып келеді. Бірақ нарықтық және валюталық қайта бағалаудан түсетін кіріс оң және теріс болуы мүмкін.

Қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты біздің шоттағы инвестициялық кірістің сомасы да өзгеріп отырады.

Мысалы, доллар бағамы инвестициялық кіріске әсер етеді: ұлттық валюта нығайған кезде азаяды, ал доллар көтерілгенде өседі.

Зейнетақы активтерінің құнын қайта бағалау апта сайын жүргізіледі. Бірақ зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестиция екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл мерзімінде талдаған дұрыс.